Оқушылардың зияткерлік жарыстардағы жетістіктері » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың зияткерлік жарыстардағы жетістіктері
Өнер байқауы
21
июль
2022
Өнер байқауы
Алматы қаласында өткен “Сал домбыра” республикалық жас өнерпаздар арасындағы ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауына қатысып “Эстрадалық вокал” жанры бойынша мектептің 2 ә сынып оқушысы  Отаралиев Ануар III орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Ауелханова Бибинур Иркабаевна. Құттықтаймыз!!!
Республикалық айтыс
21
июль
2022
Республикалық айтыс
“Жыр-алыбы Жамбыл” атты Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай  өткен республикалық  жас ақындар айтысында оқушыларымыз Зинулла Ақнұр мен Шәріпбай Балнұр жүлделі  3 орындарды иеленді. Жетекшісі: Жұмабекқызы Аяулым. Құттықтаймыз! @zhambylaudanbilim @zhambyl_oner_mektebi @erlanmazhen @aiaulim_jumabekkizi 
Айтыс
21
июль
2022
Айтыс
“Жамбыл жырларының жалғасы” тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға мектебімізден 4 оқушының өлеңдері іріктеуден өтіп, бүгінгі мүшәйраға қатысты. Олар: Қазыбек Бедел, Шайырқожа Бекжан, Шәріпбай Балнұр және Кемелбек Елдар.  Мүшәйра қорытындысы бойынша 6 сынып оқушысы Шәріпбай Балнұр Бас жүлдені иеленіп, дипломмен және планшетпен марапатталды. Қалған оқушыларымызға Алғыс хат табысталды. Құттықтаймыз!!!
Өзін-өзі басқару ұйымы
21
июль
2022
Өзін-өзі басқару ұйымы
Мектеп Парламенті аудандық слеті. 9 сынып оқушысы Төлеухен Сымбат Білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
Айтыс
21
июль
2022
Айтыс
Павлодар қаласында  өткен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты республикалық оқушылар айтысында “Ы. Алтынсарин” номинациясын және ақшалай 30 мың теңге жүлдесін иеленген мектебіміздің 7 сынып оқушысы Зинулла Ақнұрды құттықтаймыз! Жетекшісі: Аяулым Жұмабекқызы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер олимпиадасы
21
июль
2022
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер олимпиадасы
5 сәуір күні Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінде 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 7 сыныптың 2 оқушысы қатысып, нәтижесінде физика пәнінен қатысқан Төлеухан Аймира II орын иеленді. Пән мұғалімі: Шатунова Мая Канайбековна. Құттықтаймыз!