Жетістіктеріміз » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жетістіктеріміз
Олимпиада
21
июль
2022
Олимпиада
Физика пәні мұғалімі Шатунова Мая Канайбековна аудандық мұғалімдер арасындағы олимпиадада 3 орын иеленді.
Мұғалімдер күні
21
июль
2022
Мұғалімдер күні
Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай марапатталған әріптестерімізді құттықтаймыз! Жамбыл ауданының әкімі Н.Ертасұлының Алғыс хатымен мектеп директоры А.Байгазиева; Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасымен педагог-психолог К. Тынышбаева; бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жолдыбаева; Жамбыл аудандық Білім бөлімінің Құрмет грамотасымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Молдабекова, бастауыш сынып мұғалімі Б.Сагындыкова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Суюндиков, МАД тәрбиешілері Г.Ахметова мен
Өнер байқауы
21
июль
2022
Өнер байқауы
Алматы қаласында өткен “Сал домбыра” республикалық жас өнерпаздар арасындағы ұлттық әрі дәстүрлі өнер байқауына қатысып “Эстрадалық вокал” жанры бойынша мектептің 2 ә сынып оқушысы  Отаралиев Ануар III орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Ауелханова Бибинур Иркабаевна. Құттықтаймыз!!!
Республикалық айтыс
21
июль
2022
Республикалық айтыс
“Жыр-алыбы Жамбыл” атты Жамбыл Жабаевтың 176 жылдығына орай  өткен республикалық  жас ақындар айтысында оқушыларымыз Зинулла Ақнұр мен Шәріпбай Балнұр жүлделі  3 орындарды иеленді. Жетекшісі: Жұмабекқызы Аяулым. Құттықтаймыз! @zhambylaudanbilim @zhambyl_oner_mektebi @erlanmazhen @aiaulim_jumabekkizi 
Айтыс
21
июль
2022
Айтыс
“Жамбыл жырларының жалғасы” тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға мектебімізден 4 оқушының өлеңдері іріктеуден өтіп, бүгінгі мүшәйраға қатысты. Олар: Қазыбек Бедел, Шайырқожа Бекжан, Шәріпбай Балнұр және Кемелбек Елдар.  Мүшәйра қорытындысы бойынша 6 сынып оқушысы Шәріпбай Балнұр Бас жүлдені иеленіп, дипломмен және планшетпен марапатталды. Қалған оқушыларымызға Алғыс хат табысталды. Құттықтаймыз!!!
Өзін-өзі басқару ұйымы
21
июль
2022
Өзін-өзі басқару ұйымы
Мектеп Парламенті аудандық слеті. 9 сынып оқушысы Төлеухен Сымбат Білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
Айтыс
21
июль
2022
Айтыс
Павлодар қаласында  өткен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Ұлттың ұлы ұстазы” атты республикалық оқушылар айтысында “Ы. Алтынсарин” номинациясын және ақшалай 30 мың теңге жүлдесін иеленген мектебіміздің 7 сынып оқушысы Зинулла Ақнұрды құттықтаймыз! Жетекшісі: Аяулым Жұмабекқызы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер олимпиадасы
21
июль
2022
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер олимпиадасы
5 сәуір күні Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінде 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 7 сыныптың 2 оқушысы қатысып, нәтижесінде физика пәнінен қатысқан Төлеухан Аймира II орын иеленді. Пән мұғалімі: Шатунова Мая Канайбековна. Құттықтаймыз! 
“Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық  мектеп лигасы
15
июль
2022
“Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық мектеп лигасы
18 мамыр Аққайнар ауылының Спорт кешенінің стадионында  облыстық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Футболдан ұлдар арасында “Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық мектеп лигасына” аудан намысын қорғаған мектебіміздің оқушыларынан құралған екі команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша: 5-6 сынып оқушылары 🥇орын иеленіп, республикалық ойынға жолдама алса, екінші команда 🥉орын иеленді. Құттықтаймыз!!!
“Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық  мектеп лигасы”
15
июль
2022
“Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық мектеп лигасы”
Футзалдан ұлдар арасындағы “Теңбіл доп” облыстық “Ұлттық  мектеп лигасында” аудан намысын қорғаған оқушыларымыз 2 орын иеленді. Құттықтаймыз!!!