Қамқоршылық кеңес құрамын құру туралы хабарлама » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
август
2023

Қамқоршылық кеңес құрамын құру туралы хабарлама

        «Тоқаш Бокин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды. 

Қамқоршылық кеңес – «Тоқаш Бокин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 

        Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі. 

        Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз. 

      Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады. 

Байланыс телефондары:87081978337

Мектеп директоры: Байгазиева Алма Айдаровна 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:  Сережа Ақгүл Серікқызы

Электрондық почта: tokash.bokin.sh@mail.ru