«Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағаты » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2021

«Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағаты

«Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағаты

Көркем сөз - көңіл тілі , жалаң сөз - зейін тілі
Т.Бокин атындағы орта мектебінде , рухани жаңғыру бағытында «Тіл - татулық тірегі» онкүндігіне орай , ақын , қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына бағытталған іс - шара аясында , 10 «А» сынып жетекшісі Молдабекова Б. «Тіл - татулық тірегі» тақырыбындағы сынып сағатын  өткізді .
10 «А» сыныбының жетекшісі Молдабекова Б , Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әліпбиінің атасы , түркі тілтану ғылымының ағартушысы болғаны ; Ахметтің мұрағаты - жаңа уақыт , жаңа заманға , халқына қызмет етуде - дей келе , ақынның ұлтым деп соққан жүрегі , үлгі - өнегесі толастамayды деп айтып өтті.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары туралы жеткізіп , «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры , жұмсайтын қаруының бірі» , «Көркем сөз - көңіл тілі , жалаң сөз - зейін тілі» , «Сөз жазатын адам әрі жазушы , әрі сыншы болуы керек» деген ғибратқа толы ой - зерде орамдарын жеткізіп , мағынасын ашуы сәтті шықты .
Ахмет Байтұрсынұлы - «Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл . Сөзі жоғалған жұрттың , өзі де жоғалады» - деп оны сақтау үшін айтулы үлес қосқан . Сөйтіп , ол қазақ тілінің әліпбиін , 75 емлесін жасаған . Қазақ тіл білімінің - ішкі заңдылығын ғылыми түрде дәйектеу арқылы , қалыптасуына ықпал еткен . Ахмет Байтұрсынұлы - Ерен еңбегі үшін «Қазақ тіл білімінің атасы» атанған.
Тіл табиғатының бұзылмауы , қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау , тіл мәдениеті , оқыту әдістемесі туралы , тың ойлар тастап , ұрпаққа аманат еткен.
Тіл - көңілдің тілмашы!