Тәуелсіздікке құрмет - Мемлекеттік рәміздерге құрмет » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіздікке құрмет - Мемлекеттік рәміздерге құрмет
26
сентябрь
2022

Тәуелсіздікке құрмет - Мемлекеттік рәміздерге құрмет

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – МЕМЛЕКЕТКЕ ҚҰРМЕТ

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың қасиетті міндеті. Қазақ елінің тарихына жүгінсек ата-бабаларымыз туын марқая, мақтана тік ұстап, ұрыс барысында жанын қиса да туды төмен түсірмеген. Міне осындай мемлекеттік нышанға деген құрметті үлгі ете отырып, жастарға насихаттау, отансүйгіштік сезімін жоғарылату баршамыздың отан алдындағы борышымыз.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаћармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
https://www.instagram.com/reel/Ci93jzzjJ3r/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Похожие публикации:

05 сентябрь 2022 Тілдер айлығы