Мектептің тарихы » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июнь
2022

Мектептің тарихы

 Мектептің негізі  1928 жылы  Арал  ауылындағы  мешіт  үйінен  бой көтеріп  отыр. Сол жылдары мектепке әр түрлі жастағы балалар қабылданған. Оқуға жиналған балалар   9 жасар балалармен бірге  16-17  жастағы  ересектер де  болды.
    Арал ауылындағы  ашылған   мектептің   бірінші  мұғалімі  Қарбозов  Ибатұлла , одан кейін  мектептегі   оқу – тәрбие  жұмысы  Әбдібаев  Құрманәліге жүктелген. Арал ауылы  1929-1930  жылдары Прудки  селосына біріктіріліп,  ел сол  жерге  көшіп келіп  орналасқан.  Оқу тәрбие жұмысы да  сол  Прудки селосындағы  асханада   жалғасты.  Бұл мектеп  орыс мектебі болып, орыс  балалары да  білім   алды . 
   1952 жылы  Жамбыл ауылының  атқару комитетінің № 802  шешімі   бойынша  Тоқаш  Бокин  атындағы   орта  мектеп  болып атау берілді .  Қазіргі мектептің атауы «Тоқаш  Бокин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен »  коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 
       1976 жылы еліміздің  дәулеті  мен  мәдениетінің, білім  жүйелерімен ілгері қадам  басуына  қарай  жаңа тұрпатты  мектеп қажет  болып, тиісті  орындардың  қажырлы  еңбегі  арқасында  жаңа  типтегі  мектеп салынды.  Мектептің   бой көтеруіне , мектептің салынуына   Базарбай  Досмұхамбетов пен  Амангелді  совхозының  директоры   Қалибековтың  еңбектері  зор. 
 94 жыл  ішінде  мектепті  18 директор  басқарды.
  1. Бөлдекбаев Ж
  2. Абсеметов  Қ  Социалистік  Еңбек  Ері   1947-1949 жж
  3. Бурабаев З 1950-1956 жж
  4. Нарынов 1956-1962 жж
  5. Садыков 1962-1964 жж
  6. Мусин А.Ш. 1964-1966 жж 
  7. Досмұхамбетов Б 1966-1976 жж 
  8. Бөлтірікова Р.Б.  1976-1977 жж 
  9. Нургалиев  М.М.  1977-1979 жж
  10.  Шалданов  Ж.Ш. 1979-1982 жж
  11. Асубаев  С.М. 1982 – 1985  жж
  12. Алияқбаров С 1985 - 1987 жж  
  13.  Туякбаева А.А. 1987 – 1989 жж
  14.  Уразалин Б.А. 1989-2000 жж
  15.  Бейсебаев С.Б. 2000 – 2014 жж
  16.  Абишев М.Ж. 2014 -2017 жж
  17. Салпиева Ж.А. 2017-2019 жж
  18. Байгазиева А.А. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін 
Т.Бокин атындағы орта мектептің алғашқы мұғалімдері:
  1. Божко Т.В Прудки орта мектебінің бірінші мұғалімі, 1916 ж
  2. Байбараков Бултбай
  3. Незвигина Раиса Владимировна
  4. Ермоленко Варвара Кузьминично
  5. Қырғызалиев Шымшықбай
  6. Бультирикова Рахима Бультириковна
  7. Керимбаев Төкен
  8. Батуева Мария Ивановна
  9. Бастаубаева Айымқан
  10. Тілеукеев Тихын
  11. Королева Мария Николаевна
  12. Мырзабек Құдайбергенович
  13. Левцова Клавдия Ивановна
  14. Ақбаева Ұлжан Акбаевна
  15. Байғазиев Мөкіш Байғазыұлы
  16. Утегенова Кулжамиля
  17. Кеншинбекова Культай
  18. Шалданов Жумабек Шалданович
  19. Алипбаева Зоя Садыковна
  20. Мадиярлва Куляйхан Абықайымқызы
  21. Оспанов Жұмақан Қалибайұлы
  22. Абдархаева Бахат
  23. Нурмамбетов Мырзабек
  24. Сеңгірбаева Бейқұт
  25. Дүйсебаева Күләш
  26. Алия Абдыкасовна
  27. Избасарова Клара Избасаровна
  28. Лунина Вера Захаровна
  29. Избасарова Гульзада Избасаровна
  30. Садырова Мейзгүл
  31. Косякова К.И.
  32. Алиакбаров С.М.
  33. Абдыкадырова К.И.
  34. Сахариев
  35. Ускимбаева М.А.
  36. Кенжебекова А.Т.
  37. Маркасымова Т.
  38. Абдрахаева Дина
  39. Лем Е.Т.
  40. Еремеев Дмитрий Филипович
  41. Крафт Жанетта Павловна
  42. Исаева Есенкүл Исаевна
  43. Буланов А
  44. Любовь Александровна
  45. Беккожаева Мейрамхан
  46. Аниза
  47. Шайзада
            Мектепте жұмыс істеген мұғалімдер арасында  «Білім үздігі» атағын иеленген  Р.В. Низвигина,  Г.Өтегенова ,  Р.Бөлтірікова,  Т.Керімбекова.
С.Б. Бейсебаев  «Ы.Алтынсарин »  және  « ҚССР  Білім  үздігі » төс белгілерімен ,  М.Ж. Абишев  Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министрлігінің  Құрмет грамотасымен, «ҚР Конституциясына 20 жыл» «Тәуілсіздіктің   25 жыл »  төс белгісімен, М.Гусманова  мен  А.Нуркалиева    « ҚР білім беру ісінің  құрметті қайраткері » төс белгісімен  марапатталған. Қазіргі кезде  мектепте 46 мұғалім  жұмыс жасайды , оның ішінде жоғарғы санатты – 5 мұғалім, бірінші санатты -  7 мұғалім , екінші санатты -  7 мұғалім , педагог- сарапшы- 10 мұғалім, педагог-модератор- 4 мұғалім, жалпы санатты – 13 мұғалім. Алматы облыстық  білім басақармасының Мақтау қағазымен   мектептің  7  мұғалімі  марапатталды.  Дене шынықтыру  пән мұғалімі  Бектұрған Тұрсынәлі  облыстық  «Үздік дене шынықтыру пән мұғалімі» байқауына қатысып жүлделі  ІІ орынды, география пәні мұғалімі Байғазиева Алма Айдарқызы  география пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасынан ІІІ орынды, бастауыш сынып мұғалімі Алмаханова Ару Түзелбекқызы облыстық «Заманауи сабақ- педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» фестивалінде ІІ орын иеленді.  Мектеп психологі Тынышбаева  Күмісай  Төленқызы «Үздік  психолог » атты  аудандық  байқауында  жүлделі  ІІ орынды, физика пәні мұғалімі Шатунова Мая Қанайбекқызы аудандық физика пәні мұғалімдері олимпиадасында ІІІ орын иеленді. 
Мектеп түлектері  ел мақтаныштары :
  1. Үмбетов Серік Әбікеұлы - Мәжіліс депутаты
  2. Керімбаев  Борис - ауған соғыс ардагері
  3. Байғазиев  Бекет Мөкішұлы - ҰҚК генералы
  4. Кукумов  Жандос - былғары қолғап шебері 
  5. Мадияров  Рахман - Ақмола облысының ЖҚжӘБҮД
  6. Умбетов  Камбархан - еңбек ардагері, ЖШС төрағасы
  7. Қарсақбаев Ертарғын - спорт қайраткері   
  8. Бөшенов  Қанатбек - бокстан спорт шебері 
  9. Абдыкадыров  Қанат - мәдениет қайраткері
  10. Чонушева Роза -Республикалық білім сапасы қызметкері 
  11.  Күмісжан  Байжан - жазушы , журналист
  12.  Баубекова  Айман - Республикалық баспа қызметкері
  13. Ақшалова Майра -профессор
  14. Ахметалиев Хамит- полиция подполковнигі
  15. Ақшалова Бақытгүл Нәдірбекқызы- профессор
  16. Ахметалиев Қанат- полиция подполковнигі
  17. Бектасов  Бақыт -  полиция подполковнигі 
  18.  Саттаров  Манап  - полиция подполковнигі
  19.  Майлыбаев Айдос -Ақмола облысы прокурорының орынбасары    
  20.  Нусипбаев   Кизат - шекара қызметкері 
             Еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген  түлектеріміздің саны аз емес . 
    Мектепті бітірген түлектер  арасында  160 астам оқушы   үздік бітіріп,  марапатталып отырды. 1994-2022 жж  аралығындағы  үздік бітірген  оқушылар олар:
  1. Досмухамбетова Н – 1994 ж
  2. Сапарбаев А-1994 ж
  3. Әбдіқадіров Б – 1996 ж
  4. Исаев А – 1997 ж
  5. Абишева А- 1999 ж
  6. Шатунова  А – 1999 ж
  7. Абишева А – 2000 ж
  8. Алмаханова С – 2001 ж
  9. Туркебаев К – 2001 ж
  10. Жақыпов Б – 2001 ж
  11.  Жақыпов Ж -  2003ж
  12. Садыков Ұ – 2003 ж 
  13. Бейсебаева А – 2008 ж
  14. Мадиярова  Р – 2008 ж
  15. Болатова М  - 2010 ж «Алтын белгі » иегері
  16.  Серікболова М – 2011 ж «Алтын белгі » иегері
  17.  Мұратбек  А – 2011 ж    Ерекше үлгідегі аттестат    
  18.  Дүйсебек Ұ – 2017 ж «Алтын белгі » иегері
  19. Ермек Альбина-2022 ж «Алтын белгі» иегері.

Похожие публикации:

26 ноябрь 2020 Мекен-жай
24 ноябрь 2017 Мектеп тарихы
28 апрель 2017 мектеп іс- шара
07 декабрь 2016 Мектеп туралы