Жемқорлыққа жол жоқ » Т.Бокин атындағы орта мектеп
Коммунальное государственное учреждение
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Т.Бокин атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(708) 627-64-87
Бухгалтерия
+7(708) 627-64-87
Версия для
слабовидящих
20
сентябрь
2022

Жемқорлыққа жол жоқ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдардар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашада № 410-ҚРЗ қабылданды.
Администрация сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (2014 жылғы 5 шілдедегі Администрация құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі бойынша)
676-бап - Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –  екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

677-бап - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, – алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.